Түркі ырғағындағы би

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Түркі ырғағындағы би

«Ақтау қаласы – Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында “Түркі ырғағындағы би” атты халықаралық би фестивалі өтті. ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген аты аталған фестивальде әділ қазы алқасының мүшесі болды. Жүзден жүйрік атанған қатысушылар арнайы марапатталды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты түркі халықтарының ұлттық мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Мәдениет пен өнер – қоғамның айнасы, елдің рухани мұрасы, асыл қазынасы екені белгілі. Түркі әлемінің өнер ұжымдары бір сахнада тоғысып, ұлттық би мен заманауи қимылдың үйлесімін көрермен назарына ұсынды.

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасына, педагог, балетмейстер Серік Сариевке, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясына алғысымызды білдіреміз!