ТҮРКІСТАНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ.

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ТҮРКІСТАНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ.

🔹ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарына сәйкес «Би керуені» атты жоба аясында 70 жылдық тарихы бар ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі киелі Түркістан қаласында тегін шеберлік сағатын өткізді.

«Конгресс Холл» кешенінде ансамбльдің көркемдік жетекшісі, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры стипендиясының иегері, Халықаралық конкурстардың лауреаты Қуанышбек Төлеген, бас балетмейстер, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің педагогы, білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагог ғалым -зерттеуші, халықтық-сахналық классикалық бидің оқытушысы Ақмарал Әбдікәрімқызы, халықаралық конкурстардың лауреаты, «Sarmat» балалар хореографиялық ансамблінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі, халықаралық жобалардың қоюшы-хореографы, балетмейстер Талғат Ахметовтың қатысуымен шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

🔹 «Халық сахналық биі», «Қазіргі заманның қазақ биі» тақырыбында практика, «Би ансамбльдерінің концерттік бағдарламаларының құрылымы» теориядан арнайы дәріс берілді.

🔹Шеберлік сағатында әр қатысушыға тегін сертификат табысталады✅

🔹Бұл шеберлік сағатының негізгі мақсаты – мемлекеттік мекемелердегі және жеке мектептердегі хореографтарды, би өнерінің мамандарын және жас өнерпаздарды жинап, олармен тәжірибе алмасу, хореографтарды әзірлейтін оқу орындарындағы мамандармен байланыс орнату, би қойылымдардың қыр-сырын түсіндіру, сол арқылы аймақтар мен үлкен өнер ұжымдарының арасындағы байланысты нығайту болып табылады.

🔹 Шеберлік сағатының өтуіне қолдау білдірген Түркістан облысының әкімдігіне, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне, Түркістан облысының мәдениет басқармасына, Білім басқармасына, «Конгресс Холл» кешенінің басшылығы мен ұжымына алғыс білдіреміз!

https://www.instagram.com/reel/DKecVxGowni/?igsh=MWltdDB4OTJzdW1sYQ==