ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ 30 ЖЫЛ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАСЫНДА ҮЛКЕН КОНЦЕРТ.

2021 жылдың 20 қарашада сағат 17:30-да «Астана» концерт залының сахнасында ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтті.

Концерт Қазақстан Республикасының 30-жылдық Тәуелсіздігіне арналды.

Көрермендер сүйіп қалған ансамблдің жеке бишілері – Азамат Асқаров, Арқат Әшірбек, Жәнел Тукеева, Милена Мазур, Гүлмира Назиева, Денис Витченко, Аида Ажмағамбетова, Елизавета Климашина, Жанар Қарабаева, Лаура Үркінбаева, Венера Фахретдинова, Құралай Үкібаева, Дамир Момбаев, Анар Рысқұлова өз өнерлерін тамашалады.

Ансамблдің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері – Гүлсәуле Орумбаева:

« Біз концертімізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арнадық. Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше болады, сонымен қатар өміріміз бен жұмысымыздың маңызды кезеңі басталады. Жаңа билерімізді концертке келген көрермендер  жақсы қабылдады. Жаңартылған бағдарлама мен  түрлі-түсті костюмдер ерекше болып көрінді. Біздің артистер бар ынтасын салып, әр ұлттың болмысын би тілімен жеткізе білді. Көрермен әр биді түсінетініне көзіміз жетіп артистер жаңа серпіліс алғандай болды. Біздің шығармашылығымыздың жанкүйерлеріне, барша көрермендерге алғысымыз шексіз. Біз өз көрерменімізді шын жүректен жақсы көреміз!»

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ 30 ЖЫЛ!
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ 30 ЖЫЛ!