Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері

Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтуде. Мерекелік концертте ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі белсене қатысты. Тамырлы тарихы 70 жылға жуық ансамбль елордада қазақтың саф өнерін, мәдениеті мен дәстүрін би арқылы насихаттады.

Алдағы уақытта мәдени шаралар Астанадағы театр мен музейлерде, Ұлттық кітапханада жалғасын таппақ. Мақсат – екі ел арасындағы байланысты нығайту.

Айта кетейік, салтанатты шараға екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, шығармашылық және ғылым саласындағы зиялылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

“Түрікмен халқының ұлы ақыны Махтумкули Фраганың 300 жылдығы аясында бұл іс-шаралар өтіп жатыр. Бүкіл Юнеско болып тойлап жатыр. Осындай мәдени шаралар екі жақта да болып тұрады. Біздің жоспарымыз бойынша күзде Қазақстанның Түрікменстандағы күндері өтеді. Біз де дайындаламыз, концерт өткізіп, көрме дайындаймыз”, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов.

https://www.instagram.com/p/C8v7TX2iEfp/