ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ!
Құрметті отандастар!
Сіздерді шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Домбыра – халқымыздың киесіне айналған қасиетті аспап. Ұлы Дала төсін мекен еткен халқымызбен бірге жасап келе жатқан – көнекөз шежіре. Осынау тыңдарманды жігерлендіретін төкпе жəне шертпе күйлерімен ғасырлар қойнауынан сыр шертіп келе жатқан қазынаға қазақ үкі тағып, лайым төрден орын береді.
2018 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұлы мұрамызды ұлықтау мақсатында шілденің бірінші жексенбісін “Ұлттық домбыра күні” деп белгілеген. Содан бері жыл сайын жоғары деңгейде тойланып келеді.
Құрметті қазақстандықтар, əр шаңырақта күмбір-күмбір күй тартылып, берекелі бас қосулар көп болсын. Баршаңызға тек жақсылық пен қуаныш тілейміз!
Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі.7.07.2024 жыл