XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті
Алматыда 10-15 қаңтар аралығында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. Бұл олимпиадаға 16 елден қатысушылар жиналды. Олардың арасында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстаннан келген оқушылар бар.
ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі жоғары деңгейде өнер көрсетті. Алтын қорға енген билермен қатар қазақтың ұлттық «Мереке биі», «Биші қайың», «Шашу» «Ел салтанаты», «Қыз қуу» және тағы басқа би қойылымдарын ұсынды. Фольклорлық ансамбльдің орындауында халқымыздың халық әндері мен күйлері орындалды. «Құрмет» орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айниязов ән шырқады. Жетпіс жылдық тарихы бар ансамбль шет елден келген көрермендерге мәдениетімізді кеңінен насихаттады. Бұл олимпиада жастардың көкжиегін кеңейтіп, өскелең ұрпаққа ғажайып өнер арқылы рух пен тәрбие берді.
Халықаралық олимпиада дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасын табады.
https://www.instagram.com/p/DTinWUpCOC0/

