Жаңа “Хорезм термәләрі” би қойылымы көрермен назарына ұсынылады
ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамбліне А.Навои атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театр жанындағы “Тумор” ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Достлуг» орденінің иегері, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Джурабаева Чаросой Хосилжановна мен хореограф Иброхимова Комилахон Мирзадавлатовна келді. Өзбек халқының өнер әлемінде бойтұмарына айналған хорезм биі “Лазги” қойылымын қойды.
Алдағы уақытта ансамбльдің репертуарына енген жаңа премьераны кезекті концерттен тамашалай аласыздар.
Ансамбль басшысы Елубай Кенжалиев Чаросой Хосилжановна мен Комилахон Мирзадавлатовнаға алғыс хат табыстап, құрмет-қошемет көрсетті.
Айта кетейік, Чаросой Хосилжановна Әндіжан облысында дүниеге келген.
1993-2000 жылдар аралығында Джизах облысы, Пахтакор ауданы, Ғ.Гулом атындағы орта мектепте білім алған. 1994-1999 жылдары Т.Содикова атындағы музыкалық училищеде оқыды.
2000-2002 жылдары Б.Зокиров атындағы Жизах өнер училищесінде “Хореография” бөлімінде оқыды. 2002-2005 жылдары Ташкент мәдениет колледжінде хореография бөлімін бітірді. 2008-2012 ж, 2016-2018 жылдары Ұлттық би және хореография жоғары мектебінің магистрі атанды.
2008 жылы Тәуелсіздік күніне арналған концертте Чарос Хосилжоновна балетмейстер ретінде еңбек жолын бастады. Универсиада, “Үміт нихоллары”, “Баркамол ұрпағы” спорт жарыстарында бас балетмейстер қызметін абыроймен атқарды. Содан кейін ол жаңа «Тумор» би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері қызметіне арнайы шақыру алды.
2014 жылы мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін Мәдениет министрлігінің арнайы дипломмен марапатталды. 2015 жылы «Эътироф» ұлттық байқауында «Жылдың үздік хореографы» атағына ие болды.2017 жылы Өзбекстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығында құрметті атақ берілді. 2018 жылы «Достық» орденімен марапатталды.
2017 жылдан бастап «Тумор» жас ансамблінің А.Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық үлкен театрында еңбек жолы басталды. Қазіргі таңда Чарос Джурабаева ансамбльдің барлық би бағдарламаларының хореографы және жетекшісі атанды.