Жарты жылдық қорытынды
ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі үшін ағымдағы I-ші жарты жыл жаңа би қойылымдарға, жарқын жеңістерге, зор жетістіктерге, жағымды жаңалықтарға толы елеулі сәттерімен есте қалды.
Өнерсүйер қауым жаңа келбет пен заманауи премьераларға куә болды. Ансамбльдің жаңаша келбетін қалыптастыру, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту жолында ауқымды жұмыс атқарылды. Ансамбль “Сәлем, Қазақстан” Ұлттық би жобасына белсенді қатысты.
Біздің ансамбльдің балет артистері ҚР “Мәдениет саласының үздігі” атанып, жетістіктер қоржынын атаулы жүлделермен толықтырды. Одан бөлек, Тәжікстан, Өзбекстан Республикасынан танымал хореографтар келіп, жаңа би қойылымын репертуарымызға енгізді.
ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі еліміздің өзге де өңірлері тұрғындарына би өнерін кеңінен таныстыру және дәріптеу мақсатында Қызылорда облысына гастрольдік іс-сапар өткізді.
Біздің балет артистеріміз еңбек демалысынан келген соң алдағы уақытта көрермендерді ұтымды жобалар, жағымды жаңалықтар, жаңа би қойылымдары асыға күтетін болады.