Нұр-Сұлтанда Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық «Рухани қазына-2019» фестивалі өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылы 21-22 мамыр күндері Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің II-ші республикалық «Рухани қазына-2019» фестивалі өтеді.
Фестивальдің мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу.
Фестиваль аясында пленарлық отырыс, «Рухани қазына-2019» республикалық байқауына қатысушылардың қазылар алқасы алдында таныстырылым жасауы, кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласы бойынша дөңгелек үстелдер, шеберлік-сыныптар, панельді пікірталас, экскурсиялар мен сұхбат алаңшалары өткізілетін болады.
Сондай-ақ шара аясында мемлекеттік музейлер (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар), мемлекеттік кітапханалар (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) арасында өткізілетін республикалық «Рухани қазына-2019» байқауының нәтижесі жарияланатын болады.
Байқау нәтижесінде қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталады:
1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей;
2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей;
3) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана;
4) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана;
5) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана;
6) Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана;
7) Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығы;
8) Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайы;
9) Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы.
Мәдениет ұйымдарының қызметкерлері келесі номинациялар бойынша марапатталады:
1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері;
2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері;
3) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері;
4) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері;
5) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері;
6) Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері;
7) Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері;
8) Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері;
9) Үздік ауылдық мәдениет үйінің, клубтың қызметкері.