Министр пандемия кезеңінде коронавирус індетінің таралуына жол бермеу шараларын күшейту туралы бұйрық шығарды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова  пандемия кезеңінде коронавирус індетінің таралуына жол бермеу шараларын күшейту  туралы бұйрыққа қол қойды.

«2020 жылғы 13 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жедел әрекет ету штабының отырысында берген тапсырмасын және COVID-19 коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары және ведомствоға бағынысты ұйымдары:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері
Ж. Бекшиннің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 19-ПГВР «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысын орындауды қамтамасыз етсін;

2) 2020 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Ресубликасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы хаттамасының 3-тармағы
6) тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілердің тиісті актілерін қабылдай отырып, уақытша шектеулер кезеңінде қызметкерлердің үш тобын (I топ – жұмыс орнында міндетті түрде қатыса отырып, ұйымның тыныс – тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын; II топ – еңбек функцияларын қашықтықтан режимде орындайтын; III топ-жұмыс берушілердің тиісті актілерін қабылдай отырып, ақылы демалыс немесе ақысыз демалыс) анықтасын.

Мәдениет саласында

  1. Мәдениет ұйымдары:

1) Қазақстан Республикасының территориясында және шет елде гастрольдік қызметті және басқа да іссапарларды;

2) концерттерді, спектакльдерді, қойылымдарды, форумдарды, семинарларды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, көрмелерді т.б.
іс-шараларды;

3) кітапханаларда, музейлерде келушілерді қабылдауды, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерінде экскурсияларды өткізуді және т.б.;

4) қызығушылықтары бойынша үйірмелер және өзге де секциялардың жұмыстары бойынша қызметтер көрсетуді тоқтатсын.

2) жұмыс тәртібінде:

тоқтатуға жататын, іс-шараларға сатылған билеттердің ақша қаражаттары қайтарылсын;

бір уақытта жалпы жұмыскерлердің жиналуын қажет етпейтін дайындық, репетициялық және басқа да жұмыс процесстері жалғастырылсын;

3) заңнамада бекітілген тәртіпте ұйымдардың және қызметкерлердің  қызмет ерекшелігіне байланысты:

уақытша қашықтық (онлайн) жұмыс форматына ауыстырылсын;

қызметкерлерге жалақысы және өзге де қарастырылған әлеуметтік шараларды сақтай отырып, оның ішінде (қашықтықта) шалғай режимінде икемді кестесін енгізу мүмкіндігі қарастырылсын.

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жергілікті деңгейдегі мәдениет ұйымдарының қызметінде осы бұйрықтың 2-тармағын басшылыққа алу ұсынылсын.

Туристік қызмет саласында

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына туристік жәрмеңкелер және көрмелер, сондай-ақ басқа бұқаралық сипаттағы іс-шараларды өткізуді шектеу ұсынылсын.
  2. Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін туроператорлар мен турагенттерге:

 1) 1 а), б) 2, 3 санатындағы коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерге туристік маршруттарды жүзеге асыруды шектеу;

2) «Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
17-бабына сәйкес бас тартылған туристік маршруттар үшін қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

Білім беру ұйымдары қызметінің саласында

  1. Мәдениет, спорт және дене шынықтыру саласындағы білім ұйымдары «Пандемия кезеңінде білім ұйымдарында коронавирустық жұқпасының таралуын болдырмау бойынша шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «14» наурыздағы
    №108 бұйрығын басшылыққа алсын.

Спорт және дене шынықтыру саласында

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиадалық комитетіне, Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығына, Қазақстан Республикасының этноспорт қауымдастығына, спорт түрлері бойынша республикалық федерацияларға, барлық спорттық ұйымдарға;

облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының  жергілікті атқарушы органдарына ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының аумағындағы әр-түрлі ауқымдағы (түрлі деңгейдегі) барлық спорттық іс-шараларды өткізбеуге және отандық спортшылардың өзге елдерге халықаралық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына шығуына тыйым салу ұсынылсын.

Тіл саясаты, архив ісі және құжаттаманы қамтамасыз етуді басқару саласында

  1. Семинарлар, көрмелер, конференциялар, дөңгелек үстелдерді өткізуге тыйым салынсын және қажет болған жағдайда техникалық мүмкіншіліктер болса онлайн режимде өткізу ұсынылсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволардың, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі».

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрі                                         А. Райымқұлова