«Қазақтың інжу-маржаны»

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

«Қазақтың інжу-маржаны»

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдық мерейтойында ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі ұжымының атынан “Ықылас гүлі” табысталды.

Академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құрылған сәттен-ақ Құрманғазы оркестрі ұлттық болмысымызды әлемге танытты. 90 жылдық ғұмырында өнер асуындағы айтулы белестерді бағындырды.

Елбасымыз «Қазақтың інжу-маржаны» ретінде баға берген мәдениет ордасы бүгінде барлық ұлтқа халқымыздың музыкалық көркем өнерін, бірегей музыкалық аспаптарын және Ұлы дала әуенінің құдыретін насихаттады.

Бұл осы жылдар ішінде өнер ордасында өнер үшін тер төккен, еліміздің мәдениетін, сазы мен ерекше аспаптарын барша жұртқа таныстырып, қазақтың күйін көкке әуелеткен Оркестр ұжымы @kurmangazy_orkestri Сіздердің – сан мыңдаған кәсіби білікті мәдениет пен өнер қайраткерлерінің ауқымды шоғырының еткен еңбегі мен төккен терінің жемісі. Сіздер осы ұжымда өз шеберліктеріңізді шыңдап, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің қалыптасуына, қоғамда салмақты музыкалық өнер ордасы ретінде орын алуына сүбелі үлес қостыңыздар. Ұлттық музыка үнінің халыққа қалтқысыз жетуіне, кейінгі болашақ ұрпақ үшін бүлінбей сақталуына ерен еңбек сіңірдіңіздер!

Осы орайда, Өнер ұжымы, Сіздерді келіп жеткен 90 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, келешекте де ұлт музыкасының ғұмырлы болуын тілейміз. Әрі ұлы күйші Құрманғазы бабамыздың атын иеленген оркестр ұжымы болашақта да еліміздегі мәртебесі биік, өнері өрелі, жарқын өнер ордасы ретінде таныла беретініне кәміл сенім білдіреміз.

Әлем таныған оркестр төл өнерімізді биік сахналарда жаңғырта берсін!

ССЫЛКА https://www.instagram.com/p/DAtXm88oJSZ/