ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсетеді

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсетеді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталды. Бүкіл әлем көз тіккен жарыс 2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Ашылу және жабылу шарасына ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі, TMDT ballet (Түркістан музыкалық драма театры), “Алтынай”, “Жетісу” би ансамбльдері өнер көрсетпек. Қазіргі уақытта салтанатты шараның ашылуына қызу дайындық жүргізілуде.

Айта кетейік, көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді.

Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы 10 мың адамдық «Қазанат» ипподромында өтеді деп жоспарланған.

https://www.instagram.com/p/C-vEdImog6E/

ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өнер көрсетеді