ҰСТАЗ -ҰЛЫ ЕСІМ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ҰСТАЗ -ҰЛЫ ЕСІМ!

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлы мамандық иелеріне айтар алғысымыз шексіз. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет», – деп мәртебелі мамандық иесі беделінің жоғары болуы керектігін айтты.

Ұстаз – қоғамның қай саласында болмасын еңбегі ерен, біздің биік белестерді бағындыруымызға дəнекер жан. Мемлекет үшін білімді жас – ең негізгі құндылық. Ұстаз беделі – қоғам беделі. Кез-келген азаматтың тұлға болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосатын ұстаз – мамандықтың төресі, қастерлі есім болып қала береді.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға дегендей, машақаты мол мамандық иелеріне табыспен қоса сарқылмас күш-қуат, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға береке, шығармашылық жетістіктер тілейміз! Ел келешегі жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолындағы еңбектеріңіздің жемісі еселене берсін!

Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі.

ҰСТАЗ -ҰЛЫ ЕСІМ!