1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ!

Музыка күні ЮНЕСКО-ның Халықаралық музыка кеңесінің шешімімен жыл сайын 1 қазан күні аталып өтеді. Әсем әуен ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді. Қазақтың батырлар жыры, әні мен күйі, тереңнен толғайтын термелері – ерік-жігеріңді оятып, таусылмас қуат береді. Музыканың қыр-сырын меңгеріп, айналаға әдемілік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Қазақстан мен қазақ ұлтын дүние жүзіне өнер арқылы насихаттап жүрген барлық музыка өнерінің майталмандарына мың алғыс!

“Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі” – деп тегін айтылмаса керек. 

Баршаңызға шығармашылық табыс, зор денсаулық, бақытқа толы ұзақ ғұмыр тілейміз!

1 ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ!