1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Қымбатты Отандастар, құрметті алматылықтар!

«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Еліміздің ең үлкен байлығы, біздің басты құндылығымыз – халықтың бірлігі. Әр отбасы үшін, береке-бірлікке жаны құштар, дархан пейілді халқымыз үшін бұл мерекенің орны бөлек.

Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Халық бірлігі – еліміздің өркендеуінің қуатты іргетасы. Біз бірге барлық қиындықтарды жеңеміз!»

Халықаралық деңгейде Ұлы Дала елінің абыройы артып, мерейінің үстем түсіп жүргені мызғымас ынтымақ пен ырысы төгілмес тату-тəтті тірліктің арқасы. Сындарлы кезеңдерде байтақ отанымыздағы барлық этнос өкілінің татулық пен тұтастық танытып, ақжарма достық пейілмен жүкті жұмыла көтеруі бейбітшіліктің салтанат құруына септесіп келеді.

Баршаңызға мықты денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақ, береке тілейміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болсын!

https://www.instagram.com/p/C6anqVBorME/

Құрметпен, ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі

1.05.2024 жыл

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!