29 қыркүйек – Еңбек күні!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

29 қыркүйек – Еңбек күні!

Баршаңызды 29 қыркүйек – Еңбек күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке қыркүйек айының әр соңғы жексенбісінде атап өтіледі және қазақстандықтардың еңбекке деген құрметінің, олардың әрқайсысының өз ісінде кәсіби маман болуға деген ұмтылысының белгісі саналады.

«“Адал азаматқа” тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс. Ал жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек», – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін нағыз еңбектің бағасын біліп, жұмыстағы жетістіктерін мақтан тұтатындардың мерекесі.

Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілейміз!

Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі.

ССЫЛКА https://www.instagram.com/p/DAfqGyzo7kC/?img_index=1