Ансамбльдің көркемдік жетекшісі марапатталды

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі марапатталды

Бүгін мәдениет пен өнер саласына зор үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер арнайы марапатталды. ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Серікұлына еліміздің мәдениеті саласының дамуына қосып келе жатқан зор үлесі мен еселі еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің атынан “Алғыс хаты” табысталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен өнер адамдары тарихи үрдістің алдыңғы шебінде жүріп, сол арқылы ұлтымыздың қарқынды дамуына ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Президент олардың жас ұрпақты жасампаздыққа, жаңашылдыққа үйретуге, бірлікті нығайтуға, өнімді еңбек етуге баулуға белсене атсалысатынына сенім білдірді.

– Сіздер өз шығармашылықтарыңыз арқылы халқымыздың бірегей болмысының жаңа қырын ашасыздар. Азаматтардың жасампаз қуатын оятасыздар. Сондықтан мемлекет шығармашылық өкілдерінің беделін арттыру үшін тиісті шараларды қабылдайды, – деді Президент. ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Серікұлын марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, жұлдызыңыз әрқашан жарқырап жана берсін. Сізге шығармашылық табыс тілейміз. Мәдениет пен өнеріміз өркендей берсін!