АСҚАҚ АРМАНДАРДЫҢ ОРДАСЫ – АСТАНА!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

АСҚАҚ АРМАНДАРДЫҢ ОРДАСЫ – АСТАНА!

Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы. Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытқан қала. Мұнда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Ол Еуразияның кіндік қаласына – елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.

Елордамыз ару Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Алдағы уақытта да қайталанбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңашылдығымен баршамызды қуанта береріне сеніміміз мол. Мереке құтты болсын! Туған күніңмен, елордамыз Астана!

Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі

6.07.2024 жыл

АСҚАҚ АРМАНДАРДЫҢ ОРДАСЫ - АСТАНА!