Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күндер қалды. Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев бірегей іс-шара Қазақстанның халықаралық аренада танылуына ықпалы орасан зор екенін айтты.

“Қазақстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуі еліміз үшін, әсіресе туризмді дамыту саласында айтулы оқиға болып отыр. Туристер бай мәдени мұрамызға, тұмса табиғатымызға бұрыннан қызығады. Десе де Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді ауқымды іс-шаралар көшпенділер мәдениетін бүкіл әлемге паш етуге мүмкіндік береді. Халықаралық аудиторияның назары ауып, сәйкесінше елімізге келетін туристер саны арта түседі” – деді Туризм және спорт вице-министрі.

Айта кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Ресми ашылу шарасында ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі өнер көрсетеді.

Қазақстан тарапынан ұлттық құрама барлық 21 ойын түріне қатысады. 23 жаттықтырушы 216 спортшыны дайындап жатыр.

ВИДЕО:

https://www.instagram.com/p/C_fxz_SoaGk/