БҮГІНГІ КҮН – ЕРТЕҢГІ ТАРИХ

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

БҮГІНГІ КҮН – ЕРТЕҢГІ ТАРИХ

⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Президент Көшпенділер ойыны бабалар аманат еткен қастерлі мұраны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау мақсатынан туған бірегей жоба екенін айтты.

⚜️ «Астана Арена» стадионында өткен шараға Өзбекстан мен Қырғызстан Президенттері мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының Раисы, Саха Республикасының басшысы және Моңғолияның бұрынғы президенті Энхбаяр Намбарын мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған қатысты. Сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары төбе көрсетті.

“Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырған өркениет. Ұлы дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен. Олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді, сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды. Қуатты қару-жарақ пен ғажайып зергерлік бұйымдар жасап шығарды. Сақ дәуірінің Алтын адамдары – соның айқын дәлелі.” – деді мемлекет басшысы.