МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ!

Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері!

Сіздерді 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Мәдениет пен өнер – халықтың қазынасы. Кез келген елдің рухани күші – оның мәдениетімен өлшенеді. Елдің өнер көшін алға ілгерілетуде ұлт руханиятының шырақшысы атанған мәдениет майталмандарының қоғамдағы алар орны ерекше. Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген сіздерге деген алғысымыз зор.

Баршаңызға кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Мәдениет пен өнер саласындағы ерен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болсын!

Құрметпен, ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі

21.05.2024 жыл

МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ!