Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде үздіктер марапатталды

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде үздіктер марапатталды

Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директоры Елубай Кенжалиевтің қатысуымен марапаттау жиыны өтті.

– Тәуелсіз еліміздің рухани байлығын арттырып, ертеден келе жатқан асыл мұраларымызды ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуде, төл өнеріміздің халықаралық деңгейде танытуда зиялы қауымның, оның ішінде мәдениет және өнер саласы өкілдерінің алар орны ерекше. Мәдениет қызметкерлері ұлттық өнерімізді дәріптеп, халықты өнерімен сусындатып, рухани қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу үшін аянбай еңбек етуде. Сондықтан бүгінгі кәсіби мерекеде мәдениет пен өнер жолында қызмет етіп жүрген әріптестердің мерейін асқақтатып, толағай еңбектеріне құрмет көрсету мақсатында жиналып отырмыз, – деді директор.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткізілген салтанатты жиында ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің балет артисі Юрий Львович Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін алды.

Саланың тұрақты дамып, өркендеуі жолында сіңірген абыройлы еңбегі мен елеулі үлесі және белсенді қызметі үшін Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан “Құрмет” грамотасымен ансамбльдің педагог-репетиторы Сұлтан Бапов, ансамбльдің балетмейстері Талғат Ахметов марапатталды.

Ансамбльдің дыбыс режиссері Ерлан Хамзанов пен балет артисі Раушан Алигазиеваға Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан арнайы «Алғыс хат» грамотасы тапсырылды.

Кәсіподақ ұйымы атынан ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің директорының орынбасары Бақыт Нурмухова «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Ансамбльдің балет артистері Айдар Ғалымжанов пен Батыр Исабаев “Құрмет” грамотасын алды.

Марапат иелерін ансамбліміздің басшысы Елубай Мұхамбетұлы құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Марапаттарыңыз құтты болсын! Баршаларыңызға шығармашылық табыс тілейміз. Әрдайым жұлдыздарыңыз жоғары, еңбектеріңіз бағалы болсын!

21.05.2024