ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Астана қаласында өткізілген салтанатты шарада ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің балет артисі Құралай Үкібаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін алды. Марапатты Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева тапсырды.

Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

Сондықтан отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамыз.

ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің балет артисі Құралай Үкібаеваны марапатымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жетістіктер тілейміз. Мәдениет пен өнеріміз өркендей берсін!

https://www.youtube.com/shorts/qBh1UN-cFPA