Ұжымға алғыс хат табысталды

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Ұжымға алғыс хат табысталды

Бүгін ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамбліне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директорының орынбасары Алтынбек Ахметов келіп, оркестр директоры Медет Ермекқалиұлының атынан алғыс хатты ансамбль басшысы Елубай Мұхамбетұлына табыстады.

Айта кетейік, қазақ музыка өнеріндегі тұңғыш оркестр Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдық мерейтойы аясында өткізілген оркестрдің музыкалық жобасы “Оркестр түні” концерттік кешінде ҚР “Салтанат” мемлекеттік би ансамблінің балет артистері музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен мың бұрала билеп, жоғары дәрежеде өнер көрсеткен еді.

Мәдениетімізді дамыту жолындағы еңбектеріңіздің жемісі еселене берсін!