29 сәуір – Халықаралық би күні!

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

29 сәуір – Халықаралық би күні!

Құрметті Отандастар, би саласында қызмет етіп жүрген өнер иелері кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Сіздерді – Халықаралық би күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бидің де өз үні, тілі бар. Саф өнер – үзбей ізденуді, тыңбай еңбек етуді талап етеді. Тілмен түсіндіре алмайтын жайтты бимен жеткізуге болады. Биде аса терең философиялық ой жатыр. Бұл тілсіз құдіретті өнер.

Жүректері өнер деп соққан артистердің еңбегі ерен. Сіздерге мың алғыс! Өнердің мәңгі биік шыңында жүріңіздер. Халыққа терең философиялық ой салып, таңғалдыратын би қойылымдарыңыз көп болсын!

Баршаңызға шығармашылық табыс, отбасыларыңызға береке, зор денсаулық тілейміз.

https://www.instagram.com/p/C6VTie-IgRB/

29.04.2024 жыл

29 сәуір - Халықаралық би күні!