ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» атты концерт өткізді

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

 ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» атты концерт өткізді

М.Лермонтов атындағы ұлттық орыс театрында ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» атты махаббат пен мейрімділікті, түрлі ұлттар арасындағы достықты, бірлік пен татулықты, бейбітшілікті насихаттайтын концерті өтті. 

Кештің шымылдығы қазақ биінің алтын мұрасы, халқымыздың дәстүрі мен ою-өрнегін, рухани қазынасын айшықтайтын, балетмейстер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің ірге тасын қалаушы Зәуірбек Райбаевтың «Қазақ өрнектері» атты би қойлымымен ашылды. 

Кеште «Шашу», «Бала ойыны», «Шопандар», «Асатаяқ», «Балбырауын», «Қос алқа», «Жастық жалын», «Болгар биі», «Еврей биі», «Иран биі», «Ел салтанаты» атты би қойылымдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің  артистері орындап шықты. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген.

ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры «Мәдениет майталманы», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Кенжалиев Елубай Мұхамбетұлы. 

Даралардың салған сара жолын насихаттап, өшпес мұрасын, өнерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында өткен концерт жоғары деңгейде бағаланды. 

Халықаралық конкурстардың лауреаттары Қуат Ыдырысқалиев композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Сағындым сені» әнін орындап, Ариса Хашимото мың бұралған биімен халықтың қошеметіне бөленді. 

«Ғажайып тылсым» биін Халықаралық конкурстардың лауреаттары Азамат Асқаров пен Айман Егісбаева жоғары деңгейде орындап шықты. 

ҚР Мемлекеттік «Салтанат» ансамблінің  репертуарында 150 астам би қойылымы бар.

Ұжым әртістерінен бөлек, кешке арнайы қонақ болып өнер көрсеткен бишілер кештің көркін қыздырды. Халықаралық конкурстардың лауреаты  «Сармат» би ансамблі кештің арнайы қонағы болды. 

Кешті тележүргізуші Әділет Рахымбай мен балерина Дамиля Шералы жоғары деңгейде жүргізді.

Бидің құдіреттілігі соншалық,әсерлі қойылымдарды көрген көрермен тілсіз өнерден ерекше сезімге бөленеді, әдемілікті көреді. Кеш көрермендері әрбір би қойылымдарын зор ықыласпен тамашалап, шын көңілмен қошеметтеп, кеш соңында жылы лебіздерін білдіріп жатты. 

Халықтың ыстық ықыласына бөленген Мемлекеттік «Салтанат» ансамблінің би шашуы мұнымен таусылмайды, елге тартуы әлі алда. 

ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» атты концерт өткізді
ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» атты концерт өткізді
ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі алғыс айту күніне орай «Шын жүректен» атты концерт өткізді