Алматыда Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Алматыда Ұлттық домбыра күні аталып өтті

2 шілдеде Алматы қаласында Ұлттық домбыра күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Абай алаңында сағат 20:00-де музыканың басты символына арналған “Аңыз Домбыра” атты мерекелік концерті өтті. Сахнада ҚР Мемлекеттік “Салтанат” би ансамблі мың бұрала би билеп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Мейрамбек Беспаев, Асылбек Ергепов, Газизхан Шекербек, Жанар Айжанова, “Алашұлы” тобы, Тамара Асар, Ерболат Құдайберген, Нұрлан Албан, “Ұлытау” тобы және т. б. жұлдыздар өнер көрсетті.Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары үшін фольклорлық-этнографиялық ансамбль, 60 домбырашыдан тұратын оркестр және белгілі күйшілер – Нұржан Тәжікенов, Айгүл Қосанова, Тілеулес Құрманғалиев, Сәуле Жанпейісова, Гүлмира Сарина, Ардақ Исатаева, Еркін Құдайберген өнер көрсетті.

Сахнада белгілі халық әндері, ұлы композиторлар Құрманғазы мен Н.Тілендиевтің шығармалары шырқалды, сондай-ақ қазақстандық әртістердің жаңа әндерінің тұсаукесері өтті. Қазақ халық аспаптары шеберлерінің дарынды қолөнершілері естелік сыйлықтармен марапатталды.