Ашхабадта ТҮРКСОЙ ұйымның 30 жылдық мерейтойы өтті

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Ашхабадта ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына арналған салтанатты шара мен концерт өтті.

Түркіменстан елінің астанасына  түркітілдес елдердің өнерпаздары жиналды. Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов шараға қатысушыларға арнайы құттықтау хатын жолдады.

Махтумкули атындағы түркімен ұлттық музыкалық драма театрының сахнасында ТҮРКСОЙ-ға қатысушы елдердің өнер майталмандары мен танымал ансамбльдің қатысуымен концерт өтті. ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі мың бұрала би билеп, жиналған қонақтарға ерекше әсер сыйлады.

Ашылу салтанатында Түркіменстанның Мәдениет министрі Атагелді Шамурадовпен ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов сөз сөйледі. Қасейінов өз сөзінде ТҮРКСОЙ халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асыруға күш салғанын атап өтті.

Концерттік бағдарламада түркі әлемінің этникалық және дәстүрлі әуендері шырқалды.

Түркі мемлекеттерінің мәдениет апталығына қатысу үшін Ашхабадқа келген шетелдік қонақтар Түрікменстанның мемлекеттік мұражайын аралап, онда көне тарихи жәдігерлер мен бай мәдени мұралар жайлы сыр шертетін экспозициямен танысты.

Мерейтойға арналған салтанатты шара көпшілікке арналған көрмелермен,қойылымдармен, музыкалық премьералармен жалғасын тапты.

ТҮРКСОЙ түркітілдес халықтардың рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және әлемге таратуда маңызды рөл атқарады.

«Ашхабадтың мәдени мегаполис ретінде біз үшін маңызы зор», – деді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтанбай Раев.

Алматы қаласынан бастау алған мерекелік эстафета Бішкек пен Ташкентте жоғары деңгейде аталып өтілді. Ашхабадтағы Түркі мемлекеттерінің мәдениет апталығы аяқталғаннан кейін ТҮРКСОЙ-дың 30 жылдығына арналған шаралар Баку, Ыстамбұл және Анкара қалаларында жалғасады.