Мың алғыс

Бүгін ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі бас әкімші Воронова Ирина Ивановнаны жылы лебіздерімен құрмет демалысына шығарып салды.

Директор Елубай Кенжалиев Ирина Вороноваға ансамбльдің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін алғысын білдірді. Шараға медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық медицина қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Айжан Садықова қатысып, құттықтау хатын табыс етті.

Ансамбльдің дамуына сіздің қосқан үлесіңіз зор. Біздің ұжымда 20 жыл абыроймен қызмет еттіңіз. Еңбек жолыңыз жас ұрпаққа үлгі. Сізге алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта бейнетіңіздің зейнетін көруіңізге тілектеспін! Отбасыңызға бақыт пен береке тілеймін,- деді ансамбль директоры.

Ұжымдағы әріптестері бірге еңбек еткен жылдарды еске алып, ақ жол тіледі.

Марапаттары:

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ирина Ивановна Вороноваға зор денсаулық, отбасына амандық, бақытқа толы ұзақ ғұмыр тілейміз!

Құрметпен, ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің ұжымы.

7.09.2023 жыл