Құрмет демалысы

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

Құрмет демалысы

ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамбль ұжымы мен директоры Елубай Кенжалиев костюм цехының меңгерушісі Бакиева Күлбану Жұмасұлтанқызын ансамбльдің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін алғысын білдіріп, алғыс хатпен естелік сыйлықтарын табыстап, құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Талайды таңдай қаққызған «Салтанат» би ансамблі халықтың рухани байлығын дамытып, өскелең ұрпаққа ғажайып би өнері арқылы эстетикалық тәрбие беріп, көрерменің көзайымына айналды. Осы жолда Күлбану Жұмасұлтанқызының еңбегі зор. Гастрольдік сапарлармен Түркия, Индонезия, Ұлыбритания, Ирландия, Маскат, Ресей, АҚШ, Қытай, Дубай елдеріне  барып, қазақ және әлем халықтарының өнерін, тарихын, бейнесін, дәстүрін сахналық ұлттық киімдері арқылы кеңінен насихаттап, өнер жолында қайталанбас қолтаңбасын қалдырды.  Сахналық киімдер – мәдениеттің бір бөлшегі екені белгілі. 45 жылдан аса костюм цехын меңгеріп, абыроймен атқарған қызметі – ұрпаққа  үлгі болары сөзсіз.

Айта кетейік, Күлбану Бакиева 1978 жылы ансамбльде хор әртісі ретінде еңбек етіп, 1990 жылдың 1 қаңтарынан бастап костюм цехының меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.

Марапаттары:

«Ерен еңбегі үшін» Медалі;

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Бакиева Күлбану Жұмасұлтанқызына зор денсаулық, отбасына береке, бақытқа толы ұзақ ғұмыр тілейміз! Бейнетіңіздің зейнетін көріңіз. Әрқашанда абыройыңыз асқақ, мерейіңіз үстем болсын.

Құрметпен, ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің ұжымы.

                                                                                                     25.08.2023жыл