Өнер иелері марапатталды

Өнер иелері марапатталды

Директор Елубай Кенжалиев ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының 30 жылдық мерейтойына орай Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттерінде жоғары деңгейде өнер көрсеткен ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің балет артистерін құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Күйші, “Мәдениет саласының үздігі” Рахат Сәрсенов пен ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлегенге Түріксойдың 30-жылдығына арналған медалін табыстады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқауында жеңімпаз атанған Денис Витченко мен Анар Рысқұлова «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Өнер иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз.

17.07.2023 жыл