ҚР Мемлекеттік «Салтанат»  би ансамблінде  кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ҚР Мемлекеттік «Салтанат»  би ансамблінде  кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті

        Үстіміздегі жылы 5 сәуір күні ҚР Мемлекеттік «Салтанат»  би ансамблінде  кәсіподақ комитетінің кезектен тыс есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Жиынға кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, балет артистері, арнайы комиссия мүшелері қатысты.

      Жиналыста кәсіподақ ұйымы атқарған жұмыстардың есебі талқыланды. Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік «Салтанат»  би ансамблі қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы мен мүшелерін сайлады. Ансамбль ұжымы көкейіндегі ойларын айтып, нақты жауап ала алды.

      Көпшіліктің дауысы мен ұсынысы ескеріліп, кәсіподақ ұйымының төрайымы болып бірауыздан Фариза Қуанышева сайланды. Жиын соңында жиналысқа қатысушылар  кәсіподақ ұйымының төрайымын құттықтап, алдағы атқаратын жауапты қызметіне сәттілік пен табыс тіледі.