НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯДА ӨТТІ

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯДА ӨТТІ

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Наурыз мерекесін атап өтті. Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген мейрамға арналған кеш ауызашар дастарханына ұласты.
Консерватория ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы ашып берген мерекелік шараға консерватория қызметкерлері, студенттері және қонақ ретінде шақырылған Алматыдағы әріптес ұжым басшылары қатысты. Наурыз кешінде ән шырқалып, күй тартылып, халқымыздың бесікке салу, тұсаукесер, қыз ұзату, беташар сияқты салт-дәстүрлері көрініс ретінде қойылып, түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Құттықтай келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі қонақ кәде ретінде өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар ұйымдастыру алқасының шешімімен спорттық ойындар мен түрлі жарыстарға белсене қатысушыларға «Үздік өнер көрсеткені үшін», «Белсенді қатысушы», «Ең үздік дастархан», «Ең үздік көрініс», «Асық ату», «Арқан тарту», «Кір тасын көтеру» аталымдары бойынша марапаттар табысталды.