ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі гастрольдік сапардан келді

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі гастрольдік сапардан келді

Маңғыстау облысында 17-19 сәуір аралығында ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің гастролдік сапары жоғары деңгейде өтті.
Концерттік бағдарлама 18 сәуір күні сағат 18:00 де Ақтау қалалық «Абай» атындағы мәдени демалыс кешенінде, ал 19 сәуір күні сағат 15:00 мен 18:00 де Бейнеуде орналасқан «Абыл» мәдениет үйінде өтті.

Маңғыстау өңірі гастрольдік сапармен Алматыдан келген өнер иелерін зор қошеметпен қарсы алды. Одан бөлек, ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Елубай Кенжалиев, ансамблдің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», балет артисі Анар Рысқұлова, баспасөз хатшысы Ұлжан Айнақұлова Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингке қатысып, ұжымның алдағы жоспарларына тоқталды.

-Биыл гастрольдік сапарымыз киелі маңғаз Маңғыстау өңірінен бастау алды. Концерттік бағдарламада көрерменге 14 би қойылымы ұсынылады. Ақтау қаласының тұрғындары мен қала қонақтары «Қазақ өрнектері», «Жастық жалын», «Шашу», «Яблочка», «Чешский танец», «Қайран жиырма бес», «Татар биі», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Болгар биі», «Мейірім», «Еврей биі»,«Ғажайып тылсым», «Иран биі», «Ел салтанаты» билерін тамашалады. Қонақжай Маңғыстау өңірінің тұрғындарына дән ризамыз, – деді Елубай Кенжалиев.

«Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген гастрольдік сапар жоғары деңгейде өткенін айтты.

  • Ұлт мәдениетін ұлықтауда, қазақ би өнерінің көсегесін көгертуде сүбелі үлес қосқан таланттар ізін жалғап, өміршең мұрасын өскелең өрендерге өсиеттеу мақсатында ұйымдастырған концертте бишілермен қоса, Алматы қаласынан арнайы келген күйшілер мен мәнерлеп өлең оқу шеберлері де өнер көрсетті. Шығармашылық концерттің көрермен көзайымына айналары сөзсіз, – деді Қуанышбек Төлеген.