ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚР “Салтанат” Мемлекеттік би ансамблінің балет артистері Момбаев Дамир Абылайұлы, Үкібаева Жұлдызай Киікбайқызы Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

       ҚР “Салтанат” Мемлекеттік би ансамблінің қызметкерлері Асанова Гульзада Идрисовна мен дыбыс режиссері Өтелбаев Қайыржан Құдакелдіұлы саланың тұрақты дамып, өркендеуі жолында сіңірген абыройлы еңбегі мен елеулі үлесі және белсенді қызметі үшін Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан “Құрмет” грамотасы және алғыс хатпен марапатталды.

       Кәсіподақ ұйымы атынан Мазур Милена Васильевна, Ұзақов Айдын Тағлымқазұлы, Махмутов Ярмагамет Анварович, Тыншимов Арстанбек Товышевич “Құрмет” грамотасымен марапатталды.

       Марапат иелерін ансамбліміздің басшысы Елубай Мұхамбетұлы  құттықтап, жылы лебізін білдірді.

6.11.2023 жыл