“Салтанат” Тереңөзекте

Республиканское государственное казенное предприятие «Государственный ансамбль» танца Республики Казахстан «Салтанат»

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің кезекті концерті 23 сәуір күні Тереңөзек кенті, Сырдария аудандық мәдениет үйінде жоғары деңгейде өтті.

“Салтанат” Тереңөзекте

ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің кезекті концерті 23 сәуір күні Тереңөзек кенті, Сырдария аудандық мәдениет үйінде жоғары деңгейде өтті.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Төреәлиев Жеңісбек Үсенұлы концертте құттықтау сөз сөйлеп, ансамбль директорының орынбасары Рахат Сәрсеновқа «Құттықтау хат» тапсырып, өнер ұжымына алғысын білдірді.

Көрермендер кештің жоғары деңгейде өткенін айтып, сый-құрмет көрсетті.

Алдағы концерт 24 сәуір күні сағат 19:00 де Қызылорда қаласында жалғасын таппақ.

Айта кетейік, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтетін кештен түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек ретінде «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорына аударылады. Концертке 60-қа жуық балет артистеріміз қатысады.

23.04.2024

https://www.instagram.com/p/C6Ib2hIIVr1/

“Салтанат” Тереңөзекте